Ауыл тұрғындары ауыз суды сатып алып отыр - Елбасыға жолданған хаттардан

Екеуі де жеке меншікте. Осының салдарынан біз су сатып алуға мәжбүр болып отырмыз. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей желі арқылы халықпен тілдесуіне орай жұмыс істеп жатқан Байланыс орталығына бүгін сауал жолдаған Дарбаза ауылының тұрғындары хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Судың 1 тоннасы 500 теңге тұрады. Оның санитарлық нормаларға сәйкес келмеуі өз алдына, қыста ол мұз болып қатып қалады. Ерітіп алу қиын. Екі ұңғыдан басқа еш жерде су жоқ. Неге бізге су құбыры тартылмайды? Ол болмаса, күн сайын мәшинемен су әкелінсе екен дейміз. Құрметті Президент, осы мәселемізді шешіп беруіңізді сұраймыз», - делінген Дарбаза ауылы тұрғындарының хатында.
Айта кетейік, Президентке республиканың шалғай жерлерінен түсіп жатқан хаттарда ауылды мекендердегі ауыз су, жер және жол мәселесі көптеп айтылуда. Ауыл халқы жергілікті биліктің әрекетсіздігі жайында баяндап, Елбасы жүктеген тапсырмалардың жүзеге асырылмай жатқандығын жеткізуде.