Ауыл тұрғындары бiрнеше есе үнемдi «жасыл» пештердi орната алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл тұрғындары көмiрдi үнемдi пайдаланатын "жасыл" пештердi сатып алуға қауқарлы. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жасыл» экономиканы және G-Global дамуын қолдаушы коалиция» ЗТБ атқарушы директоры Асхат Сүлейменов мәлiм еттi

Ауыл тұрғындары бiрнеше есе үнемдi «жасыл» пештердi орната алады

"Қарапайым халыққа қолжетiмдi "жасыл" технологияларды қалай пайдаланудың жолдары бар. Атап айтқанда, ауылдық жерлерде орталықтандырылған жылу жүйелерi тартылмаған үйлерге пиролиздiк пештердi қолдануға болады. Пиролиздiк пештер халық үшiн де, экология үшiн де өте тиiмдi, пайдалы. Бiр салым көмiрмен жылуды төрт-бес күнге жеткiзуге болады", - деп атап өттi ол.

Оның айтуынша, бұның қазiргi пештерден айырмашылығы - энерготиiмдi болуында. Одан шығатын қалдық өте аз. Өйткенi ол көмiрқышқыл газды қайта өңдеп, жағып шығарады. Сол себептi ауаны да ластамайды.

Қазiргi уақытта мұндай перолиздiк пештер Қарағанды облысында Шахтинск және Темiртау қалаларында жасалады. Бағасы да қолжетiмдi.

"Бiз мұндай пештi мектептердiң бiрiне орнаттық. Ондағы үнемнiң көлемi жылына 400 мың теңгеге жеткен. Мен ол пештердi жасайтын адамдармен сөйлестiм, "егер үйiмiз 200 шаршы метр болса, пештiң құны қанша болады" деп сұрадым. 1200 шаршы метрлiк мектептi жабдықтауға 1 млн. теңге кеткен болса, қарапайым бiр отбасылық үйге пештiң құны шамамен 200 мың теңге болады. Менiңше бұл қатты қымбат технология емес", - дейдi А. Сүлейменов.