Ауыл тұрғындары «Қазпошта» арқылы дәрі-дәрмекке тапсырыс беріп, темір жол билеттерін ала алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл тұрғындары «Қазпошта» арқылы дәрі-дәрмекке тапсырыс беріп, темір жол билеттерін сатып алады. Бұл туралы бүгін «Қазпошта» АҚ басқармасының төрағасы Бағдат Мусин мәлім етті.
None
None

«Біз ауылдық жерлерге тапсырыс бойынша дәрі-дәрмек жеткізу қызметін қолға алдық. Павлодар облысында 200-ге жуық ауыл тұрғынына тапсырыс арқылы дәрі-дәрмек жеткізіп бердік. Енді жобаны еліміздің бүкіл өңіріне тарату ойымызда бар. Ағымдағы жылы бұл ілкі жоба ретінде жүзеге асырылған болатын, ал келесі жылы барлық өңірлерге таратуды жоспарлаудамыз», - деді ол.

Сонымен қатар, ол еліміздің шалғай өңірлерінде орналасқан ауылдарға «Қазпошта» арқылы бірқатар қызметтер ілкі жоба ретінде қолға алынғанын атап өтті. Мәселен, оның сөзіне қарағанда, алдағы уақытта ауыл тұрғындары екінші деңгейлі банктер ұсынатын көптеген қызмет түрлерін «Қазпошта» арқылы ала алатын болады.

«Тағы бір жобамыз, бүгінгі күні біздің ауылдық жерлердегі бөлімшелерімізде темір жол билеттері сатыла бастады. Өздеріңізге де белгілі, барлық ауылда бірдей темір жол билеттерін сату мүмкіндігі болған жоқ. Ендігі уақытта біз осы мүмкіншілікті ұсынамыз», - деді Б.Мусин.

Соңғы жаңалықтар