Ауыл тұрғындарының медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз етуге күш салып отырмыз - С.Қайырбекова

ТАНА. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Денсаулық сақтау саласы қолға алған жүйелі шаралар ана мен бала өлімін азайтуға айтарлықтай ықпал етті»,

Ауыл тұрғындарының медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз етуге күш салып отырмыз - С.Қайырбекова

деді бүгін Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Астанада өтіп жатқан «Болашақ госпиталі» II халықаралық медициналық іскерлік форумында. «Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыты - ана мен баланың денсаулығы болып келген және солай болып қала бермек. Осы уақытта әйелдер мен балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында медицина мамандарын тиімді халықаралық перинаталдық технологияларға үйрететін аймақтық оқу орталықтарды құру жұмысы басталды. Жалпы алғанда денсаулық сақтау саласында кешенді атқарылған жұмыстар ана мен баланың денсаулығын нығайтуға айтарлықтай ықпал етті»,-деді министр.

Қазақстан азаматтарының 40 пайызға жуығы ауылдық аймақтарда тұратындықтан медициналық көмектің ауыл адамдарына да қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. «Осы уақытта елде 150-ден астам телемедициналық орталықтар жұмыс істеуде. Сонымен қатар біз қазір жылжымалы медициналық кешендерің қызметін қолдана бастадық»,-деді С.Қайырбекова.