Ауыл тұрғыны жайылымдықтан жараланған қыран тауып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Баспасөз беттерінде 8 қаңтарда Әзербайжанның Масаллинск ауданындағы Хырмандалы ауылының тұрғыны Анар Гурбанов өзіне қарасты жайылымдықта дала қыранын тауып алғандығы жайлы жарияланған.
Осы ақпараттың негізінде Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлері жаралы қыранды алып келіп, Алтыгаджский ұлттық паркі жанындағы Жабайы табиғат және оңалту клиникасына тапсырды, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қанаттары сынған дала қыранын мал дәрігерлері тексеріп, оған тиісті көмек көрсеткен. Құс оңалту кезеңінен өткеннен соң жабайы табиғатқа жіберіледі.