Ауыл жасөспірімдерінің жазғы ойындарында бөрліліктер жеңімпаз атанды - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Теректі ауданында өткен БҚО ауыл жасөспірімдерінің ІІ жазғы ойындарының қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Бөрлі ауданы жеңімпаз атанды.

Ауыл жасөспірімдерінің жазғы ойындарында бөрліліктер жеңімпаз атанды - БҚО

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Ақжайық ауданы екінші, теректіліктер үшінші орынды иеленді. Жекелеген спорт түрлері бойынша волейболдан ұлдардан Ақжайық, қыздардан Бөрлі ауданы командасы озық шықты. Асық ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ және президенттік көпсайыстан бөрліліктер алдына жан салған жоқ. Үстел теннисінен ақжайықтықтар үздік өнер көрсетсе, таэквондодан зеленовтықтар жеңіс тұғырына көтерілді. Шағын футболдан теректілер қарсылас шақ келтірмесе, еркін күрестен Ақжайық палуандарының мерейі үстем болды.