17:21, 03 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Ауылда имандылық үйі ашылды
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) -Жаңақорған ауданының Қожакент ауылында «Молдахан ата» мешітінің ашылу рәсімі өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ауылдағы бұрынғы имандылық ордасы 1995 жылы жергілікті тұрғындар мен «Қожакент» өндірістік кооперативінің қолдауымен пайдалануға берілген еді. Ал жаңадан ашылған «Молдахан ата» мешітін осы ауылдан шыққан Шәмет ата ұрпақтары өз қаражатымен салдырған.
Имандылық үйінің ашылуына орай ауылда түрлі мәдени-көпшілік шаралар өткізілді. Айтыскер ақындар өз арнауларын айтса, жастар арасында құранды мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылды.