Ауылда көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Астраханка селосында жаңа көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Тәуелсіздік күні қарсаңында баспана алып, шаттыққа бөленгендерді  Астрахан ауданының әкімі Нұрлан Сейілов құттықтап, салтанатты жағдайда жаңа пәтерлердің кілттерін тапсырды.null

"Біздің мемлекетіміз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен әр қазақстандықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында көптеген бағдарламаларды, соның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды да іске асырып келеді. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша біздің ауданға осы үйдің құрылысын жүргізуге 270 миллион қаржы бөлінген болатын. Бүгін үй толық салынып болып, одан ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын адамдар, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекемелердің қызметкерлері пәтер алып отыр, - деді Нұрлан Сейілов.null

Сонымен бірге, жаңа үйге қоныстанушыларды құттықтаған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағынай Сейітжанов аудан әкімімен бірге көгілдір лентаны қиды.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген тұрғындар мемлекетіміздің өздеріне көрсеткен қамқорлығы үшін алғыстарын білдіріп, шексіз қуаныш, ізгі ниетпен жаңа пәтерлеріне қадам басты.null  null  

Соңғы жаңалықтар