Ауылда шұжық цехы іске қосылады - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Зеренді ауданында шұжық цехы іске қосылмақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Айдабол ауылында ашу жоспарланып отырған цехтың қуаты 20 тоннаға арналған. Қазіргі кезде өндіріс орны 7 тоңазытқыш камера, 500 келі шұжық кептіргішпен жабдықталған. Оған қоса, 400 бас ірі қара мал семіртуге арналған алаң, қасапхана және қойма да бар.
Шұжық цехының басшысы Қайрат Ахметовтің айтуынша, жобаны жүзеге асыру үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 7 жыл мерзімге 16 миллион теңгеге несие берілген.
«Жақында кәсіпорынды іске қосу қосу көзделген. Қазір кезде цехта 5 адам еңбек етеді. Толық қуатына шыққан кезде жұмысшылар санын 25-ке дейін жеткіземіз. Оған қоса, Көкшетау қаласында фирмалық дүкен ашу да жоспарда бар», дейді кәсіпорын басшысы өз сөзінде.