Ауылдағы қызметкерлерге 59 үй, әлеуметтік осал топта үшін 29 үй сатып алынды - Атырау

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында ауылдағы қызметкерлерге 59 үй, халықтың әлеуметтік осал тобы үшін 29 үй сатып алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауылдағы қызметкерлерге 59 үй, әлеуметтік осал топта үшін 29 үй сатып алынды - Атырау

Оның ішінде Атырау, Құлсары қалаларында бір-бірден қызметтік үй алынған, қалғандары ауылдық жерлерде. Айта кету керек, мұнай секторындағы жоғары еңбекақыға байланысты Атырау облысының аудандарында қызметтік үй мұғалімдер мен дәрігерлер, учаскелік инспекторлар, бюджеттік мекемелердің қызметкерлері, азаматтық және мемлекеттік қызметшілер үшін ынталандыру болып есептеледі. Бұл шара ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын мамандарды сақтауға мүмкіндік береді. Барлық сатып алынған үйлер қызметтік болып саналады, жекешелендірілмейді. Оның ішінде 59 үй мұғалімдер мен дәрігерлер, учаскелік инспекторлар, бюджеттік мекемелердің қызметкерлері, азаматтық және мемлекеттік қызметшілерге арналған. Ал 29 үй - халықтың әлеуметтік осал тобына - мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға берілді. Енді 4 үй бөлінеді. Тұрғын үйдің орташа бағасы - 11 млн теңгеге жуық.

2018 жылдың маусым айында Жылыой ауданының әкімшілігі аудан әкіміне жекешелендіру құқығы жоқ қызметтік үй сатып алуға ашық конкурс жариялады. Конкурс шартында тұрғын үй екінші дәрежелі және жалпы ауданы 140 шаршы метр болуы керектігі көрсетілді. Лот сомасы - 30 млн теңге. Айта кету керек, Құлсары қаласында мұндай көлемдегі тұрғын үйдің нарықтағы бағасы 30-50 млн теңге аралығында. Конкурс нәтижесінде ауданы 373 шаршы метр, оның ішінде тұрғын жай 142,6 шаршы метр, қалғаны шаруашылық қора-жайлар болатын тұрғын үйді ұсынған жеткізуші ұтты. Конкурстық комиссия алқасының шешімімен осы жеткізуші жеңімпаз болып танылды, себебі ең төмен бағаны ұсынған. Бұған дейін ауданда қызметтік үй болған жоқ.