Ауылдағы мемқызметшіні әлеуметтік қорғау қалай күшейтіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Интернет-конференция барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова ауылдағы мемқызметшілердің әлеуметтік қорғалуын көтеру бағытындағы шаралар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауылдағы мемқызметшіні әлеуметтік қорғау қалай күшейтіледі

Атап айтқанда, «Ашық диалог» порталында нақты уақыт режіміндегі интернет-конференцияда ауылда тұратын мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын арттыру бойынша қандай шаралар қабылданатындығы сұралды.

Өз кезегінде Айгүл Шайымова агенттік тұрақты негізде мемқызметшілердің әлеуметтік қорғалуын арттыру жөніндегі жұмыстарды атқарып жатқандығын сөз етті.

«Ауылдағы кадрлардың тапшылығын ескере отырып, осыған дейін «Дипломмен ауылға» бағдарламасының мемқызметшілерге де таралуын пысықтадық. Тиісті түзетулерді біз заң жобасына енгіздік. Қазіргі кезде ол Парламент Мәжілісінің қарауында», - деді А. Шайымова.