Ауылдағы өрт: 9 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Башқұртстандағы Угузево ауылында бөренеден салынған үй өртеніп, тоғыз адам қаза тапты, оның бесеуі бала.
«Оқиға салдарынан тоғыз адам мерт болды, оның бесеуі бала. Тағы үш адам зардап шекті», - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметінен.
РФ ТК Башқұртстан бойынша тергеу басқармасының басшысы Светлана Абрамованың айтуынша, тергеушілер тексеру жүргізу үшін оқиға орнына аттанып кетті.
Бирск ауданында мансард түрінде салынған бөрене үй мәскеу уақыты бойынша 00.24-те отқа оранған. Өрт 16 адам, 7 техниканың күшімен сағат 04.22-де сөндірілді.