Ауылдарда мемлекеттік мал дәрігері штаты қайта құрылады - АШМ

«Бірнеше жыл бұрын ветеринарлық қызметті бәсекеге қабілетті ортаға беру туралы шешім қабылданып, дәрігер-лицензиаттар пайда болды. Талдау жүргізіліп, оның қате екенін түсіндік - шағын бизнес аурулардың таралуына жауапкершілкті өз мойнына ала алмайды. Бүгінгі таңда ветеринариядағы ең жақсы кеңестік тәжірибені еске түсіріп, орындарда ветеринарлық қызметті қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылдадық», - деді Г.Исаева.
Вице-министрдің айтуынша, аудан орталықтарында бүгін коммуналдық мемлекеттік ветеринарлық кәсіпорындар құрылған, оларға 196 аудандық ветстансы және 2 мыңнан астам ветпункт тиесілі.
«Әр елді мекенде мемлекеттік мал дәрігері болады, ол мемлекеттен жалақы алып отырады. Вакцинацияны, мал басы санын есепке алуды да, сынама іріктеуді де өзі жүргізіп, бекітілген талаптар мен стандарттарға сәйкес қызметтердің барлық түрлерін орындайды. Мемлекет өз алдына оны ұстауға қаражат бөледі, арнайы жабдықталған автокөлік, биркаларды сканерлеуге арналған аппараттар, принтерлер, медициналық препараттар, жеке ғиамарат ұсынады», - деп түсіндірді ведомство басшысының орынбасары.
Соңғы жылдары ауылдық жерлерде конкурстық негізде жеке мал дәрігерлерін тарту іс-тәжірибесі өзін мүлде ақтаған жоқ, тек зияндылығын көрсетті - малдың эпизоотиялық саулығы көрсеткіші нашарлады, шалғайдағы ауылдардың дені ветеринарлық іс-шаралармен қамтылған жоқ, бөлінген қаражат бақылаусыз жұмсалды, деп атап өтті Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі.
Г.Исаеваның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан ХЭБ-пен (Халықаралық эпизоотиялық бюро) өзара қатынасты жандандырып, Бюроның әдістемесе, құжаттамасы, жұмыс сызбасы басшылыққа алынды. Бұл әсіресе ДСҰ-на кіру алдында өзекті мәселе, онда бізге дүниежүзілік қауымдастыққа ықпалдасуға, заңнама мен стандарттарды, оның ішінде ветеринарияны да сәйкестендіруге тура келеді.
«Егер ертеңгі күні ауылшаруашылық өнімдерін шетелдік нарықтарға экспорттайтын болсақ, онда бізді ветеринария бойынша қатаң талаптар күтіп тұр, бұл қызметті ертерек реформаласақ, халықаралық ұйымдардың толыққанды қатысушысы болуға және өткізудің сыртқы нарықтарында әлеуетті серіктестермен тең диалог жүргізуге мүмкіндігіміз артады», - дейді АШМ басшысының орынбасары.