Ауылдардың шекарасы мемлекет меншігіне қайтарылған жер есебінен кеңейтіледі

«Жер инспекциясының жұмысын күшейту есебінен Мемлекет басшысының 2022 жылдың соңына дейін пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген 5 млн гектардан кем емес жерді қайтару жөніндегі тапсырмасы мерзімінен бұрын орындалды.
Өткен жылмен салыстырғанда тексерулер саны 9 есеге, ал тексерумен қамтылған аумақ 21 есеге өсті», - деді Әбілхайыр Тамабек.
Оның сөзіне қарағанда аталған жер түгендеу жұмыстары жерді игеру жұмыстарының жандануына түрткі болған.
«Олар қазірдің өзінде шамамен 1,8 млн гектар жерді игеруді бастады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 есе артық.
Халық малын жаю үшін жайылым тапшылығы проблемасын шешу үшін шаралар қабылдануда.
Бірінші кезекте ауылдық елді мекендердің шекаралары мемлекетке қайтарылған жайылымдық алқаптар мен жерлер, сондай-ақ мемлекет мұқтажы үшін алынған жерлер есебінен кеңейтіледі. Ауыл шаруашылығы құралымдарымен олардың жайылымдарын жеке қосалқы шаруашылықтардың уақытша пайдалануы туралы меморандумдар жасалады. Жайылымдарды басқару жөніндегі іс-шаралар шеңберінде оларға босалқы жерлерден жайылымдық алқаптар бере отырып, жеке қосалқы шаруашылықтардың кооперациясы бойынша жұмыс жүргізілуде», - деді министрдің орынбасары.