Ауылдардың шекарасы мемлекет меншігіне қайтарылған жер есебінен кеңейтіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жер түгендеу бағытындағы тексерулер жанданған сәттен бастап ірі жер иеленушілері бос жатқан алқаптарын белсенді игере бастаған. Бұл жайлы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жер инспекциясының жұмысын күшейту есебінен Мемлекет басшысының 2022 жылдың соңына дейін пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген 5 млн гектардан кем емес жерді қайтару жөніндегі тапсырмасы мерзімінен бұрын орындалды.

Өткен жылмен салыстырғанда тексерулер саны 9 есеге, ал тексерумен қамтылған аумақ 21 есеге өсті», - деді Әбілхайыр Тамабек.

Оның сөзіне қарағанда аталған жер түгендеу жұмыстары жерді игеру жұмыстарының жандануына түрткі болған.

«Олар қазірдің өзінде шамамен 1,8 млн гектар жерді игеруді бастады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 есе артық.

Халық малын жаю үшін жайылым тапшылығы проблемасын шешу үшін шаралар қабылдануда.

Бірінші кезекте ауылдық елді мекендердің шекаралары мемлекетке қайтарылған жайылымдық алқаптар мен жерлер, сондай-ақ мемлекет мұқтажы үшін алынған жерлер есебінен кеңейтіледі. Ауыл шаруашылығы құралымдарымен олардың жайылымдарын жеке қосалқы шаруашылықтардың уақытша пайдалануы туралы меморандумдар жасалады. Жайылымдарды басқару жөніндегі іс-шаралар шеңберінде оларға босалқы жерлерден жайылымдық алқаптар бере отырып, жеке қосалқы шаруашылықтардың кооперациясы бойынша жұмыс жүргізілуде», - деді министрдің орынбасары.


Соңғы жаңалықтар
telegram