Ауылдасы зорлағандығы туралы жалған сөйлеген ақмолалық әйел 3 жылға сотталды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ауылдасы зорлағандығы туралы жалған сөйлеген әйел 3 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, өткен жылдың жазында Сандықтау ауданындағы ауылдардың бірінің тұрғыны аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне қоңырау шалып, ауыл тұрғыны оның еркіне қарсы жыныстық қатынасқа түскенін хабарлаған. Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.
Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Қылмыстық кодекстің 419-шы бабында көзделген жалған айғақтар бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілген жәбірленуші бұлтартпау шарасын таңдау кезінде күдіктіге күзетпен ұстау түрінде өзінің айғақтарын талап етіп, сотқа оны зорлағанын хабарлады. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде әйел өз айғақтарын айтып сендірді. 2020 жылдың тамызында қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілді.
«Сот тергеуі барысында 32 жастағы әйел полицияға берген айғақтарынан бас тартып, оқиғаның өзара келісім бойынша болғанын мойындады. Бірге тұратын адамның көзіне шөп салғандығын айтып қойған ауылдасына ашуланған әйел, одан әрі қарым-қатынасы туралы уайымдап, полицияға қоңырау шалып, «зорлау» туралы хабарлады. Ауыл тұрғынының қоғамға қауіпті іс-әрекеттерінің нәтижесінде 7 айдан астам қамауда отырған Сандықтау ауданы тұрғынының конституциялық құқықтары бұзылды, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен соттың күші мен қаражаты негізсіз жұмсалды», - деді ведомстводан.
Ведомствоның баспасөз қызметінен атап өткендей, Сандықтау аудандық сотының үкімімен биылғы жылғы ақпанда ер адам Қылмыстық кодекстің 120-ші бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәсіз деп танылып, сот залынан босатылды.
«Ал құқық қорғау органдарын жаңылыстырған әйелге қатысты Қылмыстық кодекстің 419-шы бабы «Көрінеу жалған сөз жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 2021 жылғы тамызда қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілді. Осылайша, көрінеу жалған арыз берген әйелді Зеренді аудандық сотын Қылмыстық кодекстің 419-шы бабының 3-бөлігі бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырды. Қазанның 7-де сот үкімі заңды күшіне енді», - деп толықтырды ведомстводан.
Қазіргі уақытта әйел бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр.
Осы ретте, Ақмолалық полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 419-шы бабы «Көрінеу жалған сөз жеткізу» бойынша қылмыстық жауапқа тартылатынын еске салады. Мәселен, қылмыс жасағаны туралы көрінеу жалған сөз жеткізу 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.