Ауылдасын аңшы мылтығымен атып өлтірген адам ұсталды
АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Павлодарлық полицейлер 42 жастағы жергілікті тұрғынды өлтіру қылмысын «ізін суытпай» ашты.
Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті.
Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың наурыз айының ортасында Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылындағы жеке шаруашылықтың бірінің аумағында қанды оқиға орын алды. Бірлесіп ішімдік ішу салдарынан шыққан жанжал кезінде 28 жастағы жігіт аңшылық қарудан бір жұмысшыны атып өлтіріп, екіншісіне жарақат келтірген. Ал өзі атқа мініп, оқиға орнынан бой тасалаған.
«Ауылдастарының шаруашылықта атыс болып жатқаны туралы хабарламасын алғаннан кейін ұйымдастырылған жедел іздестіру шаралары кезінде қашып бара жатқан күдікті ұсталып, уақытша оқшаулау абақтасына қамалды. Айғақ зат - қылмыс жасалған суық қару тәркіленді», - деді Н.Ораз.