Ауылдық елдi мекендердегі әлеуметтiк сала қызметкерлерiн қолдау және ынталандыру шаралары нәтиже бере бастады

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ауылдық елдi мекендердегі әлеуметтiк сала қызметкерлерiн қолдау және ынталандыру шаралары тиісті нәтиже бере бастады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі 2009 жылғы қаңтардың 1-нен бастап күшіне енген еліміздің кейбiр заңнамалық актiлерiне ауылдық елдi мекендердегі әлеуметтiк сала қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау және ынталандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңның іске асырылу барысына анықтама берді. Заңда ауылдық елді мекендерге тұруға және жұмыс істеуге келген білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына бірқатар әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Атап айтқанда, мұндай мамандарға 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 90 мың теңгеден астам біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу; тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау көрсету, яғни 630 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 15 жыл мерзімге бюджеттік несие беру; ауылдық елді мекендерде орналасқан әлеуметтік сала ұйымдарының қызметкерлеріне 25 пайыздан кем емес көтеріңкі лауазымдық айлықақы тағайындау қарастырылған. Мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдаудың мөлшері мен беру тәртібі Үкіметтің 2009 жылғы ақпанның 18-гі № 183 қаулысымен бекітілген ережелерге сәйкес белгіленеді. Бұл қаулыға сәйкес, көтерме жәрдемақыны төлеу 2009 жылғы шілденің 1-нен, маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несиені 2010 жылғы қаңтардың 1-нен бастап беру жүзеге асырылады.«Заңның жүзеге асырылуы ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуге және олардың денсаулығын нығайтуға, білімділігі мен мәдениетін арттыруға, қала мен ауылдың арасындағы сәйкессіздікті теңестіру арқылы әлеуметтік сала мамандарының ауылды елді мекендерде тұрақтану мәселесін кешенді шешуге ықпал етеді. 2009 жылғы маусымның 1-не дейін әлеуметтік қолдау шараларын бекіткен аудандық мәслихаттардың 169 сессиясы өткізілді; тұрақты жұмыс істейтін 158 комиссия құрылып, оларға ауылдық елді мекендерде жұмысқа орналасқысы келетін 141 әлеуметтік сала мамандарының өтініштері түсті. 2009 жылдың екінші жарты жылдығында мамандардың негізгі бөлігінің ауылды жерлерге келуі күтілуде», делінген баспасөз қызметінің мәліметінде.
Соңғы жаңалықтар