Ауылдық мектептің бу қазандығы жарылды - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ерейментау ауданында мектептің бу қазандығы жарылды. Бұл туралы аймақтық ТЖД-ның баспасөз қызметінен хабарлады.
«Келеңсіз жағдай 29 ақпанда таңғы уақыт 07:30 минут шамасында Бозтал аулында орын алды. Сақтандырғыш клапанының істен шығуы салдарынан ауыл мектебін жылумен қамтамасыз ететін қазандықтардың бірі жарылған. Осының нәтижесінде жылу қазандығы ғимаратының шатырына (аумағы 10 шаршы метр) қирады.
Абырой болғанда, апат таңертең болған, одан ешкім зардап шеккен жоқ. Сондай-ақ, қазандық мектептен 50 метр қашықтықта орналасқандықтан оқу процесіне еш кедергі келтірген жоқ. Мектепте ауа температурасы қалыпты. Қазіргі кезде, төтенше жағдай ауыздықталды», деп көрсетілген хабарламада.