Ауылдық несиелеу серіктестері қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жобасы жүзеге асырыла бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет тарапынан ұсынылып отырған қаржы нарығындағы құралдар арқылы ауылшаруашылығы тауарөндірушілерін қолдауда несиелеу серіктестерінің рөлін арттыру мақсатында арнайы жоба жүзеге асырыла бастады.

Ауылдық несиелеу серіктестері қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жобасы жүзеге асырыла бастады

Жоба «Агроөнеркәсіп кешенін несиелеу серіктестігі Қауымдастығы» мен «Аграрлы несие корпорациясы» АҚ-ның бірлесуімен 10 наурыздан бастап жүзеге асырыла бастайды.

«Жоба аясында мынадай шаралар ұйымдастырылмақ: - елдің 12 аймағында Несиелеу серіктестерінің жетекшілері мен бас есепшілерін, несие менеджерлері мен әкімшілік қызметкерлерін, заңгерлер мен кепілдікпен қамтамасыз ету мамандарын 10 күндік оқыту курстарынан өткізу; - «Несиелеу серіктестерінің жағдайы мен даму перспективалары» тақырыбында аймақтық конференция өткізу. Оған мемлекеттік қызметкерлер мен «Қазагро» ҰБХ» АҚ өкілдері және өзге де еншілес компания мамандары, екінші деңгейлі банктер мен халықаралық қаржы институттарының өкілдері, осы саладағы ғалымдар қатыстырылады. - Несиелеу серіктестігінің даму стратегиясын нақтылайтын республикалық конференция өткізу. Онда аймақтарда талқыланған аталған мәселеге қатысты ұсыныстар мемлекеттік органдарға таразыланады. Сонымен қатар, жоба аясында мамандандырылған арнайы веб-порталды іске қосу көзделген», делінген хабарламада.

Оқыту курсы Алматы қаласында басталады.