Ауылдық жерлердегі 4483 спорт залының тек 20 пайызы ғана жалпы жұртқа қолжетімді - Т.Есентаев

Ауылдық жерлердегі 4483 спорт залының тек 20 пайызы ғана жалпы жұртқа қолжетімді - Т.Есентаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жергілікті әкімдіктер бұқаралық спортты дамытуға жете көңіл бөліп отырған жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Тастанбек Есентаев мәлім етті.

«Ауылдық жерлерде 4483 спорт залының 3650-і жалпы білім беретін мектептердің қарамағында әрі сабақ жүргізуге пайдаланылады. Спорт залдарының тек 20 пайызы ғана спортпен айналысуға қолжетімді»,- деді агенттік басшысы.

Т.Есентаевтың сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда республикада спорт ғимараттарымен қатар ұйымдарда, білім беру мекемелерінде спорттық құрал-жабдықтардың да жетіспеушілігі анық байқалады.

«Әкімдіктер қабылдаған шаралар жеткіліксіз. Облыстық маңызы бар әрбір аудан мен қалада дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу бойынша шаралар қабылдау қажет», - деді ол.

Оның атап өтуінше, ағымдағы жылы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 15 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу көзделуде. Қолға алынатын бұл шаралар 2020 жылға қарай халықтың 30 пайызының спортпен айналысуына мүмкіндік береді.