11:52, 17 Наурыз 2014 | GMT +5
Ауылдық жерлердің 90 пайызы өрттен қорғану жүйесімен қамтамасыз етілмеген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елді мекендерде өрт қауіпсіздігінің қолданыстағы жүйесі тиісті талаптарға сәйкес келмейді. Бұл туралы бүгін Астанада Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің отырысында ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев мәлім етті.
«Бұл ретте, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қолданыстағы жүйесі республикамыздағы 6 989 елді мекеннің 272-сін ғана қамтып отыр», - деді Бас прокурор. Атап айтқанда, ауылдық жерлердің тоқсан пайызы өрттен қорғану жүйесімен қамтатамасыз етілмеген. Өрт деполары ғимараттарының шамамен 65 пайызының пайдаланылып келе жатқанына қырық жылдан асты. Бұл ғимараттардың кейбірі апатты жағдайда деп танылды.