Ауылдың дәрігерлері мен медицина саласы оқу орындарының мамандары Денсаулық сақтау министрімен теледидар арқылы тілдесті

деп хабарлайды аталмыш министрліктің баспасөз қызметі.
Жиында 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы және алдағы жылға арналған негізгі міндеттер талқыланды. Оған еліміздің барлық өңірінен 2,5 мыңнан астам медицина қызметкерлері, медициналық жоғары оқу орындарының студенттері, профессор-оқытушы құрамы қатысты. Министр өз сөзінде жалпы денсаулық сақтау жүйесінің барлық бағыттары жақсы жетіліп келе жатқандығын атап өтті.
Сондай-ақ жиын барысында Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының директоры Ж.Баттақова, С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің ректоры А.Ақанов, Семей мемлекеттік медициналық университетінің ректоры Т.Рақыпбеков салауатты өмір салтын насихаттау және денсаулық сақтау жүйесіне мамандар дайындау, сондай-ақ 2012 жылы алда тұрған міндеттер туралы әңгімеледі.
Телемедицинаның арқасында ауылдық медицина қызметкерлеріне тікелей республиканың бас дәрігері - Денсаулық сақтау министрімен тілдесіп, өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап алып, пікірлерін білдірді. Тәуелсіздік жылдарында денсаулық сақтау саласында қол жеткізілген жетістіктер және болашақтағы міндеттер туралы әңгімелесті.