Ауылшаруашылық кешеніне инвестициялық жобалар бойынша конкурстық негізде іріктеу басталды

АЛМАТЫ. Наурыздың 6-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – ҚР Ауылшаруашылық кешенінде (АӨК) инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты «ҚазАгроҚаржы» АҚ конкурс негізінде іріктеу басталғаны туралы жария етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Компания жоспарларына сәйкес елімізде құс фабрикаларының, жылыжай шаруашылықтарының, көкөніс қоймаларының, тамшылап суару технологияларын қолдану арқылы жеміс-көкөніс дақылдарын өндіру желілерін құру және оларды дамыту бойынша іс-шаралар кешенін іске асыру жобаланып отыр. Осыған дейін «ҚазАгроҚаржы» АҚ ірі тауарлы сүт фермаларын құру және ауылшаруашылық техникасын құрастыру өндірістерін ұйымдастыру бойынша іріктеу жұмысын жариялаған болатын. Ауылдағы инвестициялық жобалар Үкіметтің Экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру бойынша бірлескен әрекеттер жоспары шеңберінде қаржыландырылады, осы жоспарға сәйкес агроөнеркәсіп кешенін шұғыл дамытуға «ҚазАгро» Ұлттық холдингінен 1 млрд. теңге мөлшерінде қаражат бөлінген. Конкурс жеңімпаздарын комиссия анықтайды. Оның құрамына ҚР Парламенті депутаттарын, «Нұр Отан» партиясының, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері енетін болады. Жоба бірқатар шарттарға сәйкес келуі тиіс, соның ішінде қазіргі технологияларды қолдану, жеткізушілерді таңдап алу мәселесінің іс жүзінде пайдаланғандығы, жобаның тиімділігі мен өтімділігінің дәлме-дәл мерзімдері, экологиялық қауіпсіздік секілді талаптар бар. Жалпы шарттарға сәйкес жобаларды қаржыландыру несие мен лизингті қолдану арқылы, нарықтан төмен мөлшерлемемен және жекелеген жобалар бойынша 12 жылға дейін өтеу мерзімімен жүзеге асатын болады. «Қаржыландыру наурыз-сәуір айларында конкурс нәтижелері бойынша басталады. Агросекторды инвестициялауда тауарлы сүт фермаларына, жылыжай кешендеріне, көкөніс қоймаларына, тамшылатып суару жүйелеріне, техника құрастыру өндірісіне ерекше назар аударылатын болады», - дейді «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасы Д. Айтжанов. Ірі тауарлы сүт фермалары мен техника құрастыру өндірісіне байланысты жобаларды қаржыландыру бойынша өтініштерді қабылдау наурыздың 6-сында аяқталады. Басқа да инвестициялық бағыттар бойынша жобалар наурыздың 19-ына дейін қабылданбақ.
Соңғы жаңалықтар