Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен сақтауға арналған 8,6 млрд. теңгенің инвестициялық жобалары Павлодар облысында жүзеге асырылуда

ПАВЛОДАР. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Фермалардағы өнімнің шығарылуын арттыру, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуді жақсарту және көкөністерді қысқы уақытта сақтауға Павлодар облысында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар мүмкіндік бермек,
None
None

деп хабарлады ауыл шаруашылығы басқармасынан.

Қаржылық институттар Павлодар қаласындағы «Жасыл шағын орман» жылыжайының құрылысын, Павлодар ауданындағы «Эльдар» фермерлік шаруашылығы мен «Ақтоғай-Агро» ЖШС-інде көкөніс сақтау орындарының құрылысына өз келісімдерін беріп отыр.

Аймақтағы төрт жоба кәсіпорынның жеке қаржысы есебінен жүзеге асырылуда. Таратып айтар болсақ, 2011 жылға жалпы құны 577 млн. теңгеге жоспарланып отырған «Сүт» АҚ сүт өндіруді жетілдіру. Шарбақты ауданындағы «Победа» ЖШС-індегі 600 басқа арналған сүт-тауарлық ферманы 241 млн. теңгеге қайта жарақтандыру да жоспарда бар.

Биыл Ертіс ауданындағы шағын сүт зауытының 15 млн. теңге қаржыны талап ететін құрылысы аяқталмақ, ал Лебяжі ауданындағы «Рассвет» шаруа қожалығында мал союға арналған алаңқайдың құрылысы 40 млн. теңге қаржыны талап етпекші.

Жалпы Павлодар облысында 8,6 млрд. теңгеге 13 жоба жүзеге асырылып, 310 жұмыс орны ашылуда.

Соңғы жаңалықтар