«Ауылыңа кітап жолда»:Қазақстанда жаңа акция басталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда ауыл кітапханаларының кітап қорын толықтыруға арналған акция басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Акцияны Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен «Рухани жаңғыру» орталығы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.
«Отбасы күні қарсаңында ауыл кітапханаларының кітап қорын толықтыруға арналған «Ауылыма кітап» атты республикалық қайырымдылық акциясы басталды. 16 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында ауыл кітапханаларына кітапт жинау және жөткізу жұмыстары жүргізіледі. Оған Қазақстанның барлық қатыстыру көзщделіп отыр», - деп жазады Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияға бастамашыл топтар мен коммерциялық ұйымдар, ауыл-аймақтағы өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бей-жай қарай алмайтын кез келген адам қатыса алады.
«Ол үшін өз қалаңызда өзіңізге жақын «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесіне ауылға бергіңіз клген кітаптарды жеткізіп берсеңіз болғаны. Кітаптар электронды нұсқада да қабылдана береді. Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдерге арналған үстел ойындарын қосымша ұсынуға болады», - дейді «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық еме акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Лима Диас.
Акциға қатысқы келген адамдар аймақтардағы кеңселердің байланыс нөмірін мына жерден көре алады.
Электронды форматтағы кітаптарды мына поштаға жолдауға болады: jakupova@cisc.kz