Ауыр атлет Артем Антропов Азия чемпионатының қола жүлдесін еншіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ерлер арасында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздіктер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

Құрлықтық біріншілік Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатыр. Бүгін, 24 сәуір күні аталған салмақ дәрежесінде Қазақстан сапынан Рахат Бекболат пен Артем Антропов қатысты. Артем Антропов қоссайыс нәтижесі бойынша 390 (168+222) келіні бағындырып, қола жүлдеге ие болды. Ал 386 (173+213) келіні көтерген Рахат Бекболат жарыста бесінші орынды қанағат тұтты.


Соңғы жаңалықтар