Ауыр атлет Ғалымбек Жұбатқанов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері
АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - Словакияның Кошица қаласында өтіп жатқан он жеті жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қандасымыз Ғалымбек Жұбатқанов қола жүлдеге ие болды.
«Аламан» спорт агенттігінің мәліметінше, 84 келіде Альберт Ахмеров төртінші орын алды.
Афина ойындарының күміс жүлдегері Сергей Филимоновтың қызы Алина Филимонова кеше төртінші орынды қанағат тұтты.
77 кг. 1. Андраник Карапетян (Армения) - 331 кг(155 кг + 176 кг ). 2. Артём Лефлер (Ресей) - 304 (135+169). 3. Ғалымбек Жұбатқанов (Қазақстан) - 303 (143+160).