Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ауыр атлет Раушан Мешітханова халықаралық турнирде жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Швейцарияның Трамлен қаласында ауыр атлетикадан халықаралық 49th ‘Challenge 210’ турнирі өтіп жатыр. Жарыстың екінші күнінде қазақстандық ауыр атлет жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ауыр атлет Раушан Мешітханова халықаралық турнирде жеңіске жетті

81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Раушан Мешітханова ел намысын абыроймен қорғады. Ол өз салмағында 205 келіні (95+110) бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды.