Ауыр атлетика: А. Нұрмұхамбетова Азия чемпионатында бірінші орын алды
АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Елорда төрінде өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатының алғашқы үш күні көңілдегідей болмады. Тек бір күміс пен қоланы ғана қанағат тұттық. Бүгін ерекше үміт артып, сенім білдірген ауыр атлетшілеріміз жеңіс тұғырынан көрінді, деп жазады «Аламан».
Қазақстандық ауыр атлетші 75 келі салмақтағы Анна Нұрмұхамбетова ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты. Лондон Олимпиадасына қатысушы қарсыластарынан озық шықты.