08:07, 09 Қазан 2013 | GMT +5
Ауыр атлетика: А.Өтешов пен В. Седов - әлем чемпионатының фавориттері
АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Спорттық totallympics форумының қолданушылары ауыр атлетикадан Польшада өтетін әлем чемпионатын қазақстандық Алмас Өтешов пен Владимир Седовты 94 келі салмақта фаворит санайды.

Форум қолданушылары Седов пен Өтешов 94 келінің алтынына таласады және алтынды осы екі спортшының бірі иеленеді деген болжам жасап отыр.
Ал басқа салмақта сынға түсетін қазақстандықтар үштікке енетіндер қатарында жоқ, деп хабарлайды «Аламан».