Ауыр атлетика: Абылай Әуелханов Әлем кубогінің жеңімпазы атанды
ЛИМА. ҚазАқпарат – Перудің Лима қаласында жасөспірімдер арасындағы әлем кубогі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Онлайн форматында өтіп жатқан халықаралық бәсекеде Қазақстан спортшысы үздік танылды.
Абылай Әуелханов 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Ол қоссайыс нәтижесінде жалпы 237 (102+135) келіні бағындырып, әлемдік жарыста топ жарды.