Ауыр атлетика: Әлем чемпионатында қазақстандық бойжеткендер командалық есепте 3-орын алды

АЛМАТЫ. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Перудің Лима қаласында ауыр атлетикадан жастар арасында өтіп жатқан Әлем чемпионаты өз мәресіне жетеді.

Ауыр атлетика: Әлем чемпионатында қазақстандық бойжеткендер  командалық есепте 3-орын алды

Кеше бойжеткендер арасындағы сайыстар аяқталды. Аса тартысты өткен бәекеде 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль олжалаған Қытай құрамасы бойжеткендер арасында бірінші орынды еншіледі. Ал 1 алтын, 2 күміс медаль иеленген Доминикан спортшылары екінші орын алса, 1 алтын, 1 күміспен Қазақстан командасы үздік үштікті түйіндеді.