Ауыр атлетика: Әлемдік рейтингте Чиншанло мен Ильин көш бастап тұр

АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Халықаралық ауыр атлетика федерациясы әлемдік рейтинг жариялады. «Аламен» спорт агентттігінің мәліметіне қарағанда, 53 келіде Зүлфия Чиншанло, ал 94 келіде Илья Ильин әлемдік рейтингтің көшін бастап тұр.

Ауыр атлетика: Әлемдік рейтингте Чиншанло мен Ильин көш бастап тұр

Ал 63 келіде Мая Манеза орыс қызы Светлана Царукаевадан кейінгі екінші сатыға жайғасыпты. Светлана Подобедова да дәл солай. Оның алдында Наталья Заболотная. +75 келіде жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Надежда Ногай сегізінші орында тұрса, 77 келіде Кирилл Павлов ондыққа енген. 85 келіде Владимир Кузнецов 12 орында, ал 105 келіде Истомин 7 сатыда. Рейтингке Алмас Өтешов пен Владимир Седов енбей қалған.