Ауыр атлетика: Анастасия Швабер - Әлем чемпионы

Ол серпе көтеруде - 98, жұлқа көтеруде 126 келіні көтеріп, қос сайыс қорытындысында 224 келіні бағындырды. Одан 10 келіге қалып қойған американдық Женни Ливетти Артурдың (Jenny lyvette Arthur) көрсеткіші серпе көтеруде -2, жұлқа көтеруде 6 келіге кем болды. Ал 212 келімен қола жүлдегер атанған канадалық Жохани Филиатреаулт (Johanie Filiatreault) серпе көтеруде - 93, жұлқа көтеруде - 119 келіні ғана бағындырды.
Жалпы жастар арасындағы Әлем чемпионаты биыл бойжеткендер арасында 19-шы, ал бозбалалар арасында 39-шы рет өтіп отыр. 52 елдің 245 атлеті қатысқан бұл бәсекеге Қазақстан тек бойжеткендер арасында 3 спортшы қосқан болатын. Карина Горичеваның (63 кг) сәтсіздігінен кейін Жазира Жапарқұл (69 кг) мен Анастасия Шваберге (75 кг) артылған сенім ауырлай түскен еді. Олар бапкерлер үмітін ақтады. Алдымен Жазира ел қоржынына күміс медаль салса, енді Анастасия оны алтынмен толықтырып отыр.