Ауыр атлетика: Азия чемпионатының үшінші күні қазақстандықтар үшін табысты болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Непал елінің Катманду қаласында ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтуде.

Ауыр атлетика: Азия чемпионатының үшінші күні қазақстандықтар үшін табысты болды

Жарыстың үшінші күні спортшыларымыз үшін өте табысты болды, деп хабарлайды dodasport.kz .

«Б» тобында сайысқа түскен Құмарбекова Гүлжан жасөспірімдер арасында 75 келіде  206 (87+119) келіні бағындырып, қола жүлдегер атанды. Аса ауыр салмақта сынға түскен Айзада Муптильда  241 (105+136)  күміс жүлде иегері атанды.

77 келі салмақта жасөспірімдер арасында 296 (136+160) келіні көтерген Асылжан Бектай қола жүлде еншіледі. Ал 20 жасқа дейінгі жастар арасында Дмитрий Макеев  320 (140+180) келімен екінші орынға жайғасты.