Ауыр атлетика бойынша әлем чемпионатына баратын Қазақстан құрамасының құрамы анықталды

Бүгінгі өткен бақылау жаттығуынан кейін құраманың жаттықтырушылар штабы әлем чемпионатына келесі спортшыларды алуды ұйғарды: Тимур Хасаров, Арли Чонтей (56 келіге дейін), Альберт Линдер (62 келіге дейін), Владимир Седов, Алмас Өтешев (94 келіге дейін), Ескендір Момынбеков, Сергей Истомин, Зелимхан Абубакаров (105 келіге дейін және 105 келіден жоғары).
Әйелдер командасының құрамында әлем чемпионатына баратындар: Галина Мамотова (48 келіге дейін), Маргарита Елисеева (53 келіге дейін), Сәуле Сәдуақасова (58 келіге дейін), Карина Горичева (63 келіге дейін), Жәзира Жаппарқұл (69 келіге дейін), Анастасия Халикова (75 келіге дейін) және Мария Грабовецкая (75 келіден жоғары).
Кейбір спортшыларға демалыс беріліп, бұл жарысқа қатыспайтын болып шешілді. Олар жазғы Универсиаданың күміс жүлдегері Александр Зайчиков, Азия ойындарының жүлдегері Кирилл Павлов, Қазанда өткен Универсиаданың чемпионы Фархат Харки және Лондон Олимпиадасына қатысушы Анна Нұрмұхамбетова.
Ауыр атлетика бойынша әлем чемпионаты Польшаның Вроцлав қаласында қазан айының 20-ы мен 26-ы аралығында өтетіндігін естеріңізге саламыз.