Ауыр атлетика бойынша ҚР құрамасы Азия чемпионатында үшінші орынды иеленді (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыр атлетика бойынша Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында Қытай мен Тайланд командаларын ғана алға оздырып, үшінші орынды иеленді.
Біздің құрама қанжығасына 6 медаль байлады, олардың үшеуі жоғары дәрежелі. Олар: Рүстем Сыбай (94 келі), Ермек Өміртай (85 келі) және Айдар Казов (77 келі). Қыздар: Майра Файзуллаева (69 келі), Фаина Сиванбаева (63 келі) және Әсем Садықова (58 келі) жарыстың қола жүлдегері атанды. Бұл туралы ҚР Ауыр атлетика федерациясы хабарлады.
Бұдан басқа спортшыларымыз төменгі жүлделі медальдарді иеленді:
Файзуллаева Майра - (101+125) «серпе» және «жұлқа» көтеруден III орын; Сиванбаева Фаина (104+125) «серпе» көтеруден ІІ орын, «жұлқа» көтеруден III орын; Садыкова Асем (95+122) «жұлқа» көтеруден II орын; Садуакасова Сауле (96+117) «жұлқа» көтеруден III орын; Казов Айдар (156+194) «серпе» көтеруден I орын; Омиртай Ермек (161+203) «серпе» көтеруден I орын; Линдер Семен (166+192) «жұлқа» көтеруден I орын; Сыбай Рустем (167+216) «жұлқа» көтеруден III орын, «Серпе» көтеруден I орын «2015-Азия чемпионаты» Тайландта өтті.