Ауыр атлетика бойынша мұсылмандар арасында жарыс өтеді

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Биыл қаңтар айының 27-нен ақпанның 4-і аралығында Угандада мұсылман спортшыларының арасында ауыр атлетика бойынша халықаралық жарыс өтеді, muslim.kz. Халықаралық ислам федерациясының осы жолғы чемпионатына түрлі номинациялар бойынша біріншілікке атағынан ат үркетін спортшылар қатысады.

Ауыр атлетика бойынша мұсылмандар арасында жарыс өтеді

Ислам ынтымақтастығының спорт федерациясының (ISSF) үйлестіру тобы жарыс өтетін орынды анықтау кезінде Уганда астанасындағы Лугога ауданында орналасқан MTN Arena спорт кешенін таңдады.