Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ауыр атлетика: Чиншанлоның басты қарсыласы студенттер арасындағы әлем чемпионы атанды

АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат -Израильде ауыр атлетикадан студенттер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Ауыр атлетика: Чиншанлоның басты қарсыласы студенттер арасындағы әлем чемпионы атанды

Бұл сынға Қазақстаннан 4 спортшы атанған болатын. Кеше, 53 келі салмақта жүлделер сарапқа салынды. Бұл салмақта қытайлық Чен Сияотиннің мерейі үстем болды. Ол жұлқа көтеруде 93, серпе көтеруде 120 келіні бағындырды.

Еске сала кетсек, осы салмақтағы қазақстандық спортшы Зүлфия Чиншанло Лондон Олимпиадасында 226 (95+131)   келіні көтерген еді.

Тағы бір айта  кетер жайт, 2009 жылғы Әлем чемпионатында Чиншанло Чен Сияотиннен біркелі артық көтеріп, алтын алған болатын, деп хабарлайды «Аламан» ұлттық спорт порталы.