13:09, 06 Шілде 2013 | GMT +5
Ауыр атлетика: Ғ Жұбатқанов жастар арасында Азия чемпионы атанды
АСТАНА. 6 шілде. ҚазАқпарат - Ауыр атлетикадан Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан тағы бір «алтын» еншіледі, деп хабарлайды «Аламан».
Осыған дейін Ерболат Жоламанов қоржынымызға «алтын» салған еді. Және Әділбек Балақаев «күміс», Сәуле Сәдуақасова "қола" алған.
Енді 77 келіде Ғалымбек Жұбатқанов жастар арасындағы Азия чемпионы атанды (323 келі). Күміс медальды қытайлық спортшы еншілесе (323 келі), «қола» тағы бір қазақ Айдар Казовтың еншісінде (314 келі).