06:15, 28 Шілде 2017 | GMT +5
Ауыр атлетика: Карина Кузганбаева - Азия чемпионы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Непал елінің Катманду қаласында ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Жарыстың екінші күні Карина Кузганбаева Азия чемпионы атағына қол жеткізді, деп хабарлайды dodasport.kz .
69 келіде сынға түскен отандасымыз жасөспірімдер арасындағы бәсекеде 200 (90+110) келіні бағындырып, ең үздік нәтижені тіркеді. Ал 20 жасқа дейінгі жастар арасында 200 келі үшінші нәтиже болып саналды. Сол себепті 17 жасар спортшымыз қос медальдің иегері атанды.
Азия чемпионатында Қазақстан намысын жеті спортшы қорғауда.
Айта кетейік, жарыстың бірінші күні Савельев алтын және күміс медальді құрама қоржынына салды.