Ауыр атлетика: Қазақстандық Катар турнирінде жүлдегер атанды
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандық Раушан Мешітханова ауыр атлетикадан мәреге жеткен Катар кубогы турнирінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Ұлттық олимпиада комитеті хабарлағанындай, Раушан 2020 жылғы Токио Олимпиадасы қарсаңында лицензиялық турнирлердің бірі болып табылатын аталмыш жарыста 87 келі салмақтасынға түсті.
Қазақстандық атлет жұлқа көтеруден 100 келіні көтеріп, жеңімпаз атанды. Серпе көтеруден 115 келіні бағындырып, екінші орынға көтерілді. Қос сайыс қорытындысында 215 келіні еңсерген қазақ қызы турнирде үздік шыққан венгриялық атлеттен 1 келіге ғана қалып қойды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасынан Игорь Сон күміс, Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов қола олжаласа, Илья Ильин жарыс жолына шыққан жоқ.