Ауыр атлетика: Польшаға әлем чемпионатына баратын құрама белгілі болды

АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - 20 қазан күні Польшада басталатын ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық ауыр атлеттердің есімі белгілі болды. Бұл туралы «Аламан» хабарлады.

Ауыр атлетика: Польшаға әлем чемпионатына баратын құрама белгілі болды

Жарыстың ресми сайтының дерегіне сүйенсек, мына спортшылар Қазақстан намысын қорғайды.

ҚЫЗДАР
48 кг. Галина Мамотова;
53 кг. Маргарита Елисеева,
58 кг. Сәуле Сәдуақасова;
63 кг. Карина Горичева, Кристина Крахалова;
69 кг. Жазира Жаппарқұл, Анастасия Халикова немесе Гүлназ Наурызованың бірі барады;
+75 кг. Мария Грабавецкая.

ЕРЛЕР
56 кг. Арли Чонтей, Тимур Хасаров;
69 кг. Альберт Линдер;
94 кг. Алмас Өтешов, Владимир Седов;
105 кг. Сергей Истомин. Ескендір Момынбеков (резерв);
+105 кг. Ибрагим Берсанов, Селимхан Абубакиров.