Ауыр атлетика: Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық күміс жүлдеге ие болды
АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Өзбекстанның астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының бесінші күні өтіп жатыр. Бұл додаға Қазақстаннан барған Аят Әмірбеков 77 келіде күміс жүлдені қанжығаға байлады.
РБК спорттың жазуынша, бірінші орын ресейлік Хетаг Хугаевтің еншісінде, ал қолаға үндістандық Венкату Рахулу Рагалу қол созды.
77 келідегі салмақ дәрежесі бойынша:
1. Хетаг Хугаев (Ресей) - 312 келі қоссайыста (144 келі жұлқа + 168 келі серпе көтеруде)
2. Аят Әмірбеков (Қазақстан) - 297 (136+161)
3. Венкат Рахул Рагала (Үндістан) - 296 (136+160)
4. Илья Атнабаев (Ресей) - 294 (135+159).