Ауыр атлетикадан 15 жаңа чемпионның есімі анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты мен ел кубогі додасында 15 жаңа чемпионның есімі анықталды. 30 қараша мен 4 желтоқсан аралығында Өскеменде ел біріншілігі өткен болатын. Аталған додаға еліміздің барлық аймағынан 136 атлет қатысты, деп хабарлады sportnews.kz.

Ауыр атлетикадан 15 жаңа чемпионның есімі анықталды

"Қазақстандағы ең танымал спорт түрлерінің бірі - ауыр атлетика. Ал зілтемір көтеруден мұндай шаралар өткізу ауыр атлетиканы дамытуға зор үлес қоспақ. Одан бөлек, турнирде жас таланттарды танып, қатарға қосуға үлкен мүмкіндік беріледі. Халықаралық аренада жеңіске жетіп, әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарында ел байрағын көтеретін спортшылар осындай додаларда өсіп шығады. Бір жылда біз мектеп оқушылары мен жасөспірімдер және ересектер арасында бірнеше турнир өткіземіз. Әрбір чемпионат сайын қатысушылар саны өсіп келе жатқанын атап өткім келеді», - дейді ҚР Ауыр атлетика федерациясының жауапты хатшысы Марат Мусин .

Жарыс нәтижесі бойынша, ерлер арасында Алматы қаласы жалпы есепте көш бастады. Екінші орында ШҚО, үшінші орында Қызылорда облысы. Қыздар арасында Шығыс Қазақстан бірінші, Алматы екінші, Алматы облысы үшіншіорынға тұрақтаған.

Жарыс қорытындысы:

Ерлер:

56 келі

1. Игорь Шварц (Қарағанды облысы) - 217 келі (96+121)

2. Даниел Есмағамбетов (Алматы) - 215 келі (95+120)

3. Максим Горлов (ШҚО) - 202 келі (89+113)

62 келі

1. Михаил Дроздов (Алматы облысы) - 261 келі (120+141)

2. Тимур Хасаров (Алматы облысы) - 260 келі (120+140)

3. Владимир Абрамов (Қарағанды облысы) - 246 келі (116+130)

69 келі

1. Владимир Кудрук (Қарағанды облысы) - 239 келі (107+132)

2. Әскербек Тұржанов (Қызылорда облысы) - 237 келі (108+129)

3. Серікбол Аманжол (Қызылорда облысы) - 230 келі (105+125)

77 келі

1. Кирилл Павлов (Алматы) - 323 келі (148+175)

2. Батыр Асраров (ОҚО) - 315 келі (138+177)

3. Жасұлан Қалиев (Ақмола облысы) - 309 келі (141+168)

85 келі

1. Ермек Өміртай (Алматы облысы) - 346 келі (155+191)

2. Владимир Кузнецов (ШҚО) - 328 келі (148+180)

3. Ербол Мейірманов (Ақмола облысы) - 320 келі (150+170)

94 келі

1. Рүстем Сыбай (Қызылорда облысы) - 365 келі (160+205)

2. Андрей Леонов (Алматы) - 295 келі (130+165)

3. Нұрсұлтан Ибрагимов (Алматы) - 292 келі (127+165)

105 келі

1. Абылай Жұмабек (Алматы) - 320 келі (135+185)

2. Михаил Пахомчик (Алматы) - 320 келі (145+175)

3. Сергей Райляну (Ақмола облысы) - 273 келі (123+150)

+105 келі

1. Дмитрий Каплин (ШҚО) - 390 келі (175+215)

2. Ердос Сайлау (Алматы) - 300 келі (135+165)

3. Евгений Колесников (ШҚО) - 295 келі (125+170)

Әйелдер

48 келі

1. Галина Момотова (Қарағанды облысы) - 130 келі (60+70)

2. Александра Лачкова (Алматы облысы) - 122 келі (52+70)

3. Махаббат Серікболқызы (Алматы облысы) - 113 келі (51+62)

53 келі

1. Әсел Амангелді (Алматы) - 175 келі (77+98)

2. Лидия Ануфриева (ШҚО) - 161 келі (73+88)

3. Гүлзат Тайболатова (Алматы облысы) - 151 келі (63+88)

58 келі

1. Айгерім Ауылбек (Алматы облысы) - 182 келі (79+103)

2. Анастасия Табакаева (Алматы облысы) - 142 келі (63+79)

3. Камиля Острикова (ШҚО) - 135 келі (62+73)

63 келі

1. Фаина Сиванбаева (Ақмола облысы) - 200 келі (90+110)

2. Алтынай Дәмен (Алматы облысы) - 186 келі (81+105)

3. Святослава Павлюк (Қостанай облысы) - 163 келі (75+88)

69 келі

1. Кристина Крахалева (Алматы облысы) - 200 келі (90+110)

2. Гүлназ Наурызова (Алматы) - 195 келі (90+105)

3. Валерия Дежнина (Қостанай облысы) - 175 келі (80+95)

75 келі

1. Анна Нұрмұхамбетова (Ақмола облысы) - 220 келі (100+120)

2. Раушан Мешітханова (Алматы) - 182 келі (87+95)

3. Галина Шилова-Горлова (ШҚО) - 170 келі (77+93)

+75 келі

1. Айзада Муптілда (Алматы) - 215 келі (95+120)

2. Юлия Жуковская (Ақмола облысы) - 188 келі (83+105)

3. Бота Қалымова (Ақмола облысы) - 183 келі (83+100)