Ауыр атлетикадан 2014 жылғы әлем чемпионатының өтетін орны ауысты
АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Ауыр атлетикадан 2014 жылғы әлем чемпионаты Астанада емес, Алматыда өтетін болды.
Бұл туралы халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) мәлімдеді. 2011 жылы Парижде өткен федерация конгресінде әлемдік сынды өткізу құқығын Астана жеңіп алған. Ал 21 қараша күні IWF ресми сайты келер жылғы әлемдік дода Алматыда өтетінін мәлімдеді. Жарыс неліктен Астанадан Алматыға көшірілгені туралы нақты ақпарат жоқ, деп хабарлады alaman.kz.