Ауыр атлетикадан ӘЧ: Фархад Харки «В» тобында екінші болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ашхабадта ауыр атлетикадан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Сенбі, 3 қарашада 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде В тобында ерлер арасында жарыс өтті. Қазақстандық Фархад Харки екінші орын алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ауыр атлетикадан ӘЧ: Фархад Харки «В» тобында екінші болды

Ауыр атлет үш рет «жұлқа көтеру» және «серпе көтеру» жаттығуларының барлығын таза орындады. Харки жұлқа көтеруден 133 келіні еңсерді. Спортшы серпе көтеруден 175 келіні бағындырды. Бұл көрсеткіш - В тобындағы 10 қатысушының ішіндегі ең үздік нәтиже. Зілтемірші барлығы 308 келіні еңсеріп, әзірге екінші орында тұрақтап тұр. Гога Чхеидзенің көрсеткіші одан үш келіге артық.

Харки ӘЧ медаліне үміткер. Егер А тобында нәтижелер қазақстандық спортшының көрсеткішінен аз болса, ол жүлдегерлер қатарынан көрініп қалуы мүмкін. 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ақтық жарыс 4 қарашада өтеді.

Айта кетейік, Фархад Харки - 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.