Ауыр атлетикадан ӘЧ: Қазақстан жалпыкомандалық 1-орын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Албанияда өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар 7 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Турнир қорытындысы жөнінде Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Фото: facebook.com/Асхат Оралов

Қазақстан құрамасы медальдардың жалпы саны бойынша командалық 1-орынға ие болды.

Атап айтсақ, алтын медальдарды 73 келіге дейінгі салмақта Ерасыл Сәулебеков пен 102 келіге дейінгі салмақта Никита Әбдірахманов жеңіп алды.

Нұрдос Сабыр (89 келіге дейін) мен Таисия Алексеева (64 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды.

«Спортшыларымызды және барлық қазақстандық жанкүйерлерді осынау жетістікпен құттықтаймын. Біздің жас ауыр атлеттерге болашақта да толағай табыстар мен жарқын жеңістер тілеймін. Жаттықтырушыларға да ерекше алғыс айтамын. Себебі олардың еңбегінің арқасында отандық ауыр атлетика мектебі Қазақстанды жаңа чемпиондардың есімімен әлемге танытып жатыр», - деп жазды министр.

Еске салайық, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 25 наурыз - 1 сәуіралығында Албанияның Дуррес қаласында өтті.


Соңғы жаңалықтар