Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатына қатысатын ҚР құрамасы белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар тізімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатына қатысатын ҚР құрамасы белгілі болды

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Алматы облысында «Ақбұлақ» Олимпиадалық орталығында әлем чемпионаты алдындағы соңғы дайындық жұмыстарын пысықтап жатыр. Әлем біріншілігі 7-17 желтоқсан аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтеді.

Аталған әлем чемпионатында ел намысын 5 спортшы қорғайды. Олар:

Арли Чонтей (55 келі)
Нұрғиса Әділұлы (96 келі)
Артем Антропов (96 келі)
Карина Күзғанбаева (81 келі)
Айзада Муптильда (87+ келі)